378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді

  • 239
  • UPD: 15:23, 16.05.2019
Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді inform.kz

Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді.

Шиелі ауданында тұратын Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның шаңырағында Айбибі, Айша және Ақнұр есімді үш қыз жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас ана үшемді Қызылорда облыстық перинаталды орталықта өмірге алып келді. Жолдасы екеуі бұған дейін Айару есімді тұңғышын тәрбиелеп отыр. Ол биыл үш жасқа келді. Енді осылайша, Мақатаевтар отбасында төрт қыз бала шаңырақ шырайын кіргізе түседі.

Бұған дейін сәуір айында Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келген еді. Жаңақорған ауданында тұратын Өмірбек Үсенов пен Кәмила Шайжанова да осындай қуанышқа кенелді.

Соңғы жылдарда Сыр өңірінде үшемдер саны көбейіп отыр. Былтыр облыста 3 үшем, 132 егіз туған. Биыл жыл басынан бері 46 егіз жарық дүниеге есігін ашты.

Хабар 24 телеарнасы