378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңындағы өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз

  • 56
  • UPD: 16:18, 16.05.2019
Алматы маңындағы өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз

Алматы маңындағы өрт қатты бықсып, неден тұтанып жатқаны әзір белгісіз.

Сондықтан да бұл түсініксіз жағдай тілсіз жаумен арпалысып жатқан мамандарға қиындық тудыруда. Төтенше жағдайлар комитеттің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, өртті тоқтату үшін сумен өшіру мүмкін емес. Сол себепті де қазір олар 70 метр тереңдігі бар ойлы жерге барынша топырақ сынды инертті материалдарды толтыруда.  Толығымен оқыс оқиғаның талдын алу үшін төтеншеліктер түнге дейін үздіксіз әрекет етеді. Апат аумағында шамамен 40 бірлік ауыр техника жұмыс істеп жатыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- 16 мамыр түнгі екіден үш минут кеткенде Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Әйтей ауылынан 7 шақырым жердегі қоқыс полигонында өрт шықты деген хабарлама түсті. Апаттан 14 шақырым қашықтықтағы өрт сөндіру қызметі жеткен мезетте 1 гектар жуық аумақта тұрмыстық қалдықтардың бықсып жанғаны анықталды. Өрт аумағын жіті бақылағаннан кейін өрт сөндіру техникасы мен судың көмегімен отты сөндіру мүмкін болмады. Сондықтан полигон әкімшілігінің көмегімен инертті материалдарды пайдалануға тура келді. Қазіргі таңда полигонда 7 бульдозер, 6 тиегіш, 2 экскаватор және 14 самосвал жұмылдырылған. Оған қоса тағы 10 бульдозер мен 10 самосвал көмекке келеді. Қоқыс аумақтарында көбінесе үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар мен сол аумаққа жануға шақ қалған тұрмыстық қалдықтарды әкелуден туындайды. Бүгінгі таңда өрттің нақты себебі анықталған жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы