378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші мигранттардың құқығын бірге қорғайды

  • 85
  • UPD: 17:19, 16.05.2019
Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші мигранттардың құқығын бірге қорғайды crew-man.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ХІІ Астана экономикалық форумы аясында өткен Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияда бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Құдбиевпен кездесу барысында Қазақстанмен Өзбекстан үкіметтері арасындағы жұмысшы мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына (жол картасы) қол қойылды.

Бұл үкіметаралық келісімді ведомство басшылары 2019 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында рәсімделген еді.

Үкіметаралық келісім аясында жұмысшы мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие. Еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ведомстволар арасында орнатылған іскерлік және достық байланыстарды жоғары бағалайтынын және қол қойылған халықаралық құжат аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Б.Сапарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының мүшелік қызметтері мен байланысын дамыту департаментінің директоры Грэм Минтонмен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында министр ХӘҚҚ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы