378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда домбыраның алып ескерткіші тұрғызылады

  • 68
  • UPD: 23:07, 16.05.2019

Көкшетауда домбыраға ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биіктігі 11 метрлік инсталляция бетон-металл конструкциядан жасалмақ. Туынды авторы – белгілі мүсінші Манарбек Бұрмағанов. Қалалық әкімдік берген мәліметке сүйенсек, ескерткіш демеушілердің қаражатына тұрғызылады. Ал оның қашан орнатылатыны әзірге белгісіз. Қазір оның орнын анықтау үшін әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарының пікірлері сұралып жатыр. Айта кетейік, мұндай ескерткіш сәтін салса, елімізде алғаш рет бой көтермек.

Хабар 24 телеарнасы