379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда салмағы 17 келі болатын шоқыр балығы ұсталды

  • 81
  • UPD: 19:49, 16.05.2019
Атырауда салмағы 17 келі болатын шоқыр балығы ұсталды

Жайық-Атырау бекіре зауытының мамандары бекіре тұқымдастарға жататын алып шоқыр балығын ұстады.

Ұзындығы бір жарым метр, салмағы 17 келіден асатын аналық шаруашылық үшін тосынсый болды. Себебі соңғы он-он бес жыл көлемінде мұндай ірі шоқыр мамандардың қолына түспеген екен. Мемлекеттік тапсырыс бойынша зауыт биыл 3 жарым млн дана бекіре шабағын өсіруі тиіс. Қазір алғашқы 200 мың шабақ тоғандарға жіберілді. Тағы 1 млн-дай шабақ инкубация кезеңінде.

Ғилман Сәрсемәлиев, Жайық-Атырау бекіре шабағын өсіру зауытының директоры:

– Жалпы қазіргі балықтардың салмағы да, мөлшерлері де 4-5 келі шамасында еді. Бұл – оның қасында ерекше аналық. Бірер күнде балықтан ұрықтанған уылдырық алып, әрі қарай дамытуға жұмыстанамыз. Шамамен 4-5 келі шамасында уылдырық алсақ, одан 200 мың шамасында шабақ өсіруге мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы