379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейімбет Майлиннің пошта маркасы шықты

  • 64
  • UPD: 20:50, 16.05.2019

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әңгіме жанрының хас шебері, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 125 жыл.

Алаш ардақтысының мерейтойына орай «Қазпошта» АҚ Бейімбет Майлиннің жарқын бейнесі бейнеленген пошта маркасын басып шығарды. 

Бейімбет Майлиннің пошта маркасы «Уақыт пен тұлға» сериясы бойынша жарық көрді. Бұл шараға ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Бейімбет Майлиннің ұрпақтары қатысты. Қаламгер қазақ әдебиетінде мол мұра қалдырды. «Шұғаның белгісі» әңгімесі оның шоқтығы биік шығармасы саналады. «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің бас редакторы болды.

Әлия Сүгірбаева, «Қазпошта» АҚ Алматы филиалының директоры:

– «Пошта маркасы кез келген мемлекеттің нышаны іспетті. Ол – тарих пен мәдиниеттің белгісі. Бүгін біз қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің пошта маркасын хат айналымына қостық.

Шара барысында жазушының ұрпақтары алғыстарын айтты. Алматыда Бейімбет Майлин атында көше бар. Биыл осы көше бойында қаламгердің ескерткішін орнату жоспарланған. Ұрпақтары қалалық әкімдікке өтініш жолдады. Жазушының шығармалар жинақталған кітаптары да басылып шығады.

Жалпы «Қазпоштада» айтулы күндер мен көрнекті тұлғалардың мерейтойларына орай және өзге де тақырыптық 1500-ге жуық марқа шығарылған.

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы