379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан қаласынан барған делегация Сеулдің «Ақылды қала» жобасын зерттеді

  • 82
  • UPD: 14:04, 17.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің делегациясы Сеулдің «Ақылды қала» жобасын дамыту бойынша тәжірибесін зерттеді.

Қонақтарға шаһардағы 25 ауданның әрқайсысында жағдайды онлайн түрінде бақылап отыратын интерактивті тақта көрсетілді. Мэрияда қала тұрғындары мен шетел азаматтарының нақты санын біледі. Бұл ақпарат ұялы байланыс операторларынан түседі. Алдағы үш жылда Сеулде заттар интернетімен байланысты 50 мың ақылды аспап орнату көзделіп отыр. Олар ауадағы шаңның үлесі, көлік қозғалысы мен өзге де көптеген мәліметтерді жіберіп отырады. Сондай-ақ делегациямыз 120 колл-центріне барып келді. Бұл Қазақстандағы iKӨMEK бірыңғай байланыс орталығына ұқсас қызмет. Колл-центрде азаматтардың сауалдарына жасанды интеллект жүйесі жауап беретін жобаны жүзеге асырып отыр. Қазақстан делегациясы тұрақты «ақылды» қалалар дүниежүзілік ұйымының хатшылығында да болған. Нұр-Сұлтан әкімшілігі осы ұйымға 2013 жылы кірген болатын.    

Ли Кён Рёль, Тұрақты «ақылды» қалалар дүниежүзілік ұйымының бас хатшысы:

- Нұр-Сұлтан қаласының өкілдерімен электронды үкімет, Сеулдың цифрлық мэрия тәжірибесін талқыладық. Біздің ұйым Қазақстан астанасымен қатар Алматы, Ақкөл секілді шаһарларда  смарт қала жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық орнатты.      

Талғат Рахманберді, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары:

- Корея елінің тәжірибесі қатты ұнады. Мысалы, күніне он тоғыз мың мәселе қойылады екен, бір күнде. Сеулдың халқында туындайтын мәселелер. Мәселенің бәрін шешуге Сеул қалалық әкімдігі атсалысады.

Хабар 24 телеарнасы