379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ордабасы ауданында роботтар сиырға шөбін салып береді

  • 120
  • UPD: 08:48, 17.05.2019

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы сүт тауарлы фермасы күннен күнге робот технологияны арттырып келеді.

Бұрындары мұнда сауыншыны құлтемір алмастырса, енді сиырлардың жем-шөбін реттейтін малшы да роботқа айналған. Сондай-ақ сиыр фермасы  өз өнімдерін өздері өңдеуге көшкен. Сүт зауытында бірнеше өнім түрлері шығарылады. Ал Алматы облысының Көксу ауданында да сүт өндірудің жаңа әдісі қолға алынған. Мұнда да  сиырларды толық автоматтандырылған роботтар сауады.  

Фермадағы  Мажарстаннан әкелінген Голштин тұқымды  сүтті сиырлар тәулігіне 10 мың тонна сүт береді. Қазір қорада мал басы өскен. 900 ден аса ірі қараның 400 басы сауылады. Бір «құлтемір сауыншы» тәулігіне 60 сиырды үш реттен сауады.  Мал көбейгеннен соң, фермада сиыр тұратын кешендердің де саны артқан. Ферма  алғашында Швециядан әкелінген құрылғымен сүтті сауса, енді қора Нидерланды елінен әкелінген құлтемір сауыншылармен жабдықталған.  Яғни Голландиядан әкелінген роботтар қойылған. Бұл бір жағынан сиырлардың көп сүт беруіне жағдай жасайды.

Абылай Әбішов, серіктестік басшысының орынбасары:

- Бұл роботтардың айырмашылығы қазіргімен қарағанда біршама арзан. Алдыңғы роботтар 7-8 минут бір сиырды сауса, бұл 5 минутта сауады. Бір роботқа 60 емес, 70 сиырдан келіп отыр.

Бұрындары қорада бұл жұмысты әр сағат сайын бір маман атқаратын. Ал қазір жұмысшының еңбегін мына робот алмастырған. «Малшы» деп аталатын құрылғы сиырдың жем-шөбін жинайды.  Робот 20 минут жұмыс жасап, 40 минут қуат көзінен нәр алады. Салмағы 600 келіге жететін құрылғы әзірге елімізде осы жерде  ғана бар. Ал өткен жылдан бері сүт тауарлы фермасы  өз өнімдерін өздері өңдеуге көшкен. Сүт өнімдерінен мұнда түрлі айран, қаймақ, құрт, тіпті ірімшікке дейін дайындалады. Зауытта тәулігіне қуаттылығы 50 тонна сүт өндіріледі. Ең бастысы дайын өнімдер қоспасыз, табиғи. 7-15 күн аралығында салқын жерде сақтауға болады.

Алматы облысының Көксу ауданында сүт өндірудің жаңа әдісі бойынша жұмыс істейтін  сиыр фермасы бар. Бұл кәсіпорын мемлекет пен жекенің әріптестігі негізінде ашылған. Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы құны 2 миллиард теңгедей қаржы жұмсалды. Ферманың ішіндегі ауаның өзі жыл мезгіліне сәйкес жылытып салқындатылады. Желіні сыздаған сиырлар сауын аппаратына өз еркімен барады екен. Сауыншы – робот. Сондықтан бұрынғыдай қолдарына шелек ұстап, ары-бері сүт тасып жүретін адамдарды көрмейсің.

Жанат Максим, ферма операторы:

- Мойнына қарасаңыздар, мойнында жібі бар номерімен. Сол номер арқылы чип оқылады да, сол чиппен сиыр кіреді. Егер сиыр бір рет кіріп, тағы да айналып кірсе, ол чип оқылады да сиырды саумайды екінші мәрте.

Мұндағы Зеңгі баба төлінің барлығы алыстағы Алмания елінен әкелінген. Голштин-Фриз тұқымды сауын сиырлардың әрбірі тәулігіне 40-45 литрдей сүт береді. Мұндай кешендер мал тұқымын асылдандыру жұмыстарына тың серпін береді дейді шаруашылыққа жауапты мамандар.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ардақ Айбарұлы, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы