389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Егістік алқаптарды ғарыштан бақылайтын жоба іске қосылды

  • 424
  • UPD: 09:42, 17.05.2019

Елімізде егістік алқаптарды ғарыштан бақылайтын Егістік.кз жобасы іске қосылды. Назарбаев Университетінің жас ғалымдары ойлап тапқан бұл инновциялық стартап жоба арқылы шаруалар үйінен шықпастан алқаптардың жағдайын қадағалай алады.

Кез келген уақытта өскіндердің тығыздығын, тыңайтқыштардың шоғырлануын, топырақтың ылғалдылығын және басқа да көп жағдайлар туралы бар мәліметті қашықтықтан біліп отырады.

Egistic.kz - бұл агрономдарға немесе агробизнес иелеріне арналған, ең аз шығынмен егіншіліктен барынша пайда алуға мүмкіндік беретін кешенді шешім. Енді даладағы жағдайды бақылау үшін үлкен аумақты айналып өтудің қажеті жоқ. Дәл қазір әрбір шаруа оның қалай жұмыс істейтінін көре алады.Ол үшін тек Egistic.kz платформаға кіру керек. Алқаптың кадастрлық нөмірін енгізіп, ылғалдылық, вегетация, азот көрсеткіштері сынды  деректерді тегін алуға болады. Бұл серпінді жобаны Назарбаев Университеті қолдаған.

Жандос Керімқұлов, жобаны жасаушы:

- Коммерцизация офисі бар университетте сол бірінші ақша бөлді. Соған байланысты 2018 жылы мартта бірінші ақшамызды таптық және өз жобамызды іске асыра бастадық.  

Мысалы, 5 мың гектар жердің жай-күйін талдау фермерге жылына 7 мың теңгеге ғана түседі. Бағдарлама қардың қалыңдығына және ауа райының болжамына дейін кең ақпарат бере алады.

Жандос Керімқұлов, жобаны жасаушы:

- 200 қолданушы тіркелген. Оның 70-сі өз кадастрын енгізген және де алдыңғы жылғы болған оқиға бойынша өзінің егістік алқабын тексере алады.

Бүгінде еліміздің әр өңірінде 30-ға жуық шаруа қожалығы осы жүйені пайдаланады. Жыл бойы олардың саны бірнеше есеге көбеюі мүмкін. Сонымен қатар жоба авторлары көрші елдердің нарығына  да шығуды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы