378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Дарын» сыйлығының үміткерлеріне биыл тосынсый әзірленген

  • 98
  • UPD: 09:44, 17.05.2019
«Дарын» сыйлығының үміткерлеріне биыл тосынсый әзірленген ustinka.kz

Осы жыл - Жастар жылы болып белгіленгендіктен, «Дарын» сыйлығының үміткерлеріне биыл тосынсый әзірленген.

Бұл жайлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді.

«Осы сәтті пайдалана отырып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланғанын хабарлағым келеді. Бұл сыйлық тәуелсіздік алған алғашқы жылдары - 1992 жылы бекітілген болатын. Ол сыйлық журналистика, әдебиет, ғылым, өнер мен басқа салалардың үздік жастанына табысталады. Сыйлықтың ең басты міндеті - талантты жастарды қолдай отырып, олардың өсу жолын жігерлендіру. Өзіңіз білетіндей, осы жыл - Жастар жылы болып бекітілген еді. Осыған байланысты «Дарын» сыйлығының үміткерлеріне тосынсый дайындап қойдық. Ол жайлы біз кейін хабарлайтын боламыз», - дейді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде «Дарын» сыйлығына үміткерлерді қабылдау 10 тамызға дейін созылатынын еске салды.

Еске сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланғаны хабарланған болатын. Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді.

Хабар 24 телеарнасы