387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да балаларды құтқаруға көмектескен полицейлер марапатталды

  • 425
  • UPD: 11:22, 17.05.2019
СҚО-да балаларды құтқаруға көмектескен полицейлер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында балаларды құтқаруға көмектескен полицейлер марапатталды.

Олар отқа оранған шағын автобустан мектеп оқушыларын алып шығарды. Оқыс оқиға Рощинск ауылының маңында болған. Петропавлдан Тайынша қаласына сынамалы ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырып келе жатқан түлектердің көлігі орта жолда түтіндеп, өрт шықты. Тәртіп сақшылары 11 баланы қауіпсіз жерге көшіріп, тілсіз жаумен күресіп кеткен. Қызметте қырағылық танытқан Батырхан Молдажанов пен Жігер Балтабайға мақтау қағазы табысталып, сыйақы жазылды. Салтанатты жиын барысында олардың әрекеті жас қызметкерлерге үлгі етілді. 

Жігер Балтабай, облыстық ПД аға лейтенанты:

- Қолымыздан келгенше өртті сөндіруге іс-шара қабылдадық. Бірақ жел қатты болғандықтан, өртті сөндіре алмағандықтан басқа жолда келе жатқан жолаушыларға қатері келмесін деп «Газельді» жолдың жиегіне итеріп тастауға мәжбүр болдық.

Хабар 24 телеарнасы