378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған алматылық істі болды

  • 66
  • UPD: 12:16, 17.05.2019
Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған алматылық істі болды inform.kz

Алматы қаласының Полиция департаменті ұлтаралық араздықты қоздырған 29 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы тұрғыны Instagram желісі арқылы саналы түрде ұлтаралық және діни сипаттағы алауыздық тудыратын әрекеттерге барған.

«Ол өткен жылдың күзінде Instagram желісінде азаматша Д.Ахмадиеваның парақшасында өз логинімен өрескел пікірлер қалдырған. Осылайша, бұған дейін де қарақшылық бойынша сотты болған жігіт әлеуметтік желі арқылы ұлттық және діни сипаттағы алауыздық тудырған. Келіп түскен арыздар бойынша полиция ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында алауыздықты насихаттаушының кім екені анықталды. Сот сараптамасы жауапкердің желіде қалдырған пікірлерінде ұлттардың ар-намысына тиетін сөздер болғанын растады. Ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады» - делінген департаменттің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын өзгелердің жеке басына тіл тигізіп, ұлты мен діни сенімін қорлаудан сақ болуға шақырады. Себебі ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы