378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады

  • 166
  • UPD: 13:37, 17.05.2019
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК 18-20 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады.

Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, 18-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массалары келуі мүмкін. Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттар республиканың көптеген аймақтарына жаңбыр ала келеді. Салдарынан температура кезекті рет төмендеуі ықтимал.

Сенбі күні - оңтүстікте, жексенбі - оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні - солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың батысына Ресейдің еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтайды. Сөйтіп солтүстік тропосфералық ағындардың әсерінен ауа температурасы төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы