378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен Мәскеу алдағы жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын әзірлейді

  • 72
  • UPD: 14:09, 17.05.2019
Нұр-Сұлтан мен Мәскеу алдағы жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын әзірлейді astana.gov.kz

Бүгін Астана экономикалық форумы (АЭФ) аясында Бақыт Сұлтанов Мәскеу үкіметінің министрі - Мәскеу сыртқы экономикалық және халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Сергей Череминмен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов жуырда Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтетінін мәлімдеді. Осыған байланысты С.Черемин Мәскеудің қалалық мәселелерді шешудегі ең табысты жобаларын қолдануды ұсынды. «Жүйелі интеграцияланған жұмысты жалғастыру үшін күн тәртібін жаңартуды және 2019-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын әзірлеу маңызды», – деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, қала әкімі Мәскеу үкіметінен қазан айында Қазақстанның астанасында өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) VIII ғаламдық саммитін өткізуді қолдауын сұрады.

Хабар 24 телеарнасы