378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан дәрігерлері ұйқы безі ісігін жою операциясын жасауды үйренді

  • 160
  • UPD: 14:18, 17.05.2019

Түркістандық дәрігерлер енді ұйқы безі ісігін жою операциясын өздері жасай алады.

Қаладағы орталық ауруханада алғашқы операция сәтті аяқталды.

Түркістандық дәрігерлер әзірге ұйқы безіне операцияны еліміздің бас хирургы Болатбек Баймахановпен бірге жасап жатыр. Бұл жергілікті ақ халаттылар үшін шеберлік сабағы болмақ. Білікті маманның басшылығымен өңірде 4 операция жасалады. 

Болатбек Баймаханов, ұлттық ғылыми хирурия орталығының директоры:

- Бүгін болатын операция ұйқы безінің ісігі. Соған байланысты бірден 855 мүше алынады. Ісікке байланысты. Асқазан, 12 елі шек, ұйқы безінің 50 пайызы, ащы шек, өт жолдары. Жалпы хирургияда өте бір қиын операциялардың бірі. Алдын ала талқыладық.

Мамандар Түркістан тұрғындарының ішкі ағза ауруларына жиі ұшырайтынын айтады. Бұған дейін науқастар мұндай операцияны мегаполистерде жасатса, енді алысқа барып, уақыт жоғалтпайды.

Марат Аманбаев, қалалық орталық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Майлы тамақ көп жеп қоямыз. Өт аурулары көп болады. Асқазан аурулары көп болады. Түркістан қаласында бірінші рет үлкен күрделі операциялар жасалынып жатыр. ПДР деген, Гасдриптемия операциялары болып жатыр. Баяғыда біз Шымкентке Алматы, Астанаға жіберетінбіз. Қазір бұл операциялар өзімізде жасалса, халыққа көмек боар еді.

Қалалық орталық аурухана мен хирургиялық зерттеу орталығы арасында келісім жасалды. Енді түркістандық дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп отырады. Жақын арада жергілікті хирургтарды тәжірибе алмасу үшін Алматыға жіберу жоспарланып отыр.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы