379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

  • 39
  • UPD: 14:44, 17.05.2019
Қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары 17 мамыр түнгі 03:00-ге дейін созылып, 06:00-де қайта жалғасты.

Қазіргі уақытта тұтанған аумақты периметрі бойынша сумен сөндіру және топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде. Сағат 07.00-ден бастап екі тікұшақ 30 рет көкке көтеріліп, 90 текше метр су шашқан. Сонымен бірге, жағдайды бақылауда ұстау үшін Матрица-600 квадрокоптері қолданылуда.

Өртті сөндіруге екі тікұшақ, 53 техника бірлігі мен 91 адам жұмылдырылып, жұмыстар жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы