378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

  • 94
  • UPD: 23:48, 17.05.2019
Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Түркістан облысының тәртіп сақшылары республикалық «Жолда қабылдау» акциясын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция департаментінің қызметкерлері 17-18 мамыр күндері қаладағы халық ең көп жиналатын Есімхан алаңы мен Қуаныш базары маңында таңғы  9:00-ден, кешкі 19:00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды. Сонымен қатар облыстың аудан-қалаларында да акция өтіп жатыр. Көшеде өтіп бара жатқан азаматтар өздерін толғандырып жүрген кез келген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуда.  Акцияның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтаумен жол жүрісін ұйымдастыру. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша да тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, құқықтық кеңес беру.

Райым Айтов, қала тұрғыны:

- Жолдан өтіп бара жатыр едім, акция болып жатыр екен. Көріп келдім, көші-қон бар, тексеретін айыппұлы бар, сұрақтарымды қойып, айыппұлымның бар-жоғын тексерттім.

Алмасхан Тастанбеков, облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысы:

- Азаматар Ішкі істер департментіне немесе полиция бөліміне барып, кезек күтіп тұрмастан, бірден осында келіп, қажетті сұрақтарына заң шеңберінде жауаптар ала алады.

Хабар 24 телеарнасы