379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік іздеушілер 20-ға жуық жауынгердің сүйегін тапты

  • 63
  • UPD: 23:48, 17.05.2019
Ақтөбелік іздеушілер 20-ға жуық жауынгердің сүйегін тапты

Олардың киім-кешектері мен жеке заттары, тұрмыстық бұйымдары туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ржев түбіндегі кескілескен ұрысқа Қазақстандың екі бірдей дербес-ұлттық дивизиясы қатысқан. Жауынгерлердің аты-жөнін анықтауға Ресей мен Қазақстанның мамандары бірлесе кіріскен. Ал іздеу жұмыстарынан оралған топ өкілдері табылған жәдігерлерді «Әлия» музейінің қорына табыстады. Негізінен ауған соғысы ардагерлерінен құралған тәжірибелі іздеушілер қазба жұмыстарына атсалысқан жас еріктілерді де марапаттады.

Гумер Галеев, «Әлия» іздеушілер тобының жетекшісі:

- Калуга қаласынан келген «Жұлдыз және жалын» іздеушілер тобы біздің жерлесіміздің денесін тапты. Есенбаев деген жауынгер Жұрын станциясында 1911 жылы дүниеге келіп, Мәртөк ауылында өмір сүрген. Жұбайы да сол Мәртөктікі деген ақпарат бар. Қазір интернет пен мұрағат арқылы жақындарын іздестіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы