379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер миллион теңгеден астам табыс тапты

  • 164
  • UPD: 23:48, 17.05.2019
Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер миллион теңгеден астам табыс тапты

Ел аймақтарында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі қолданылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әділет министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметшілер жұмысын балмен бағалау жобасын енгізген болатын. Өткен жылы іске қосылған жаңа жүйеде жалақы мен сыйақының көлемі өзгертіледі. Соңғысының артуы қызметкердің атқарған жұмыс ауқымы мен күрделілігіне тікелей байланысты. Осы ретте қызылордалық мемлекеттік қызметшілер арасынан да миллионерлер шығып жатыр. Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыс бойынша департаментінің 9 маманы былтырғы жемісті жұмысы үшін миллион теңгеден астам сыйақы алды.

Еркебұлан Сарымбетов, МҚІСЖҚІА департаментінің басқарма басшысы:

- Өз басым бонусты 2017 жылы несиеге алған автокөліктің несиесін жабуға пайдаланамын. Бұдан әрі қарызсыз өмір сүруге көмектесуіне толық негіз бар. Бонус төленуі әрбір мемлекеттік қызметкердің бұдан әрі жұмысын жетілдіріп, білімін арттыруға бар күш-жігерін жұмсап, толыққанды жұмыс жасауына итермелейді және жігерлендіреді деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы