378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев: Азаматтық қоғам мемлекет пен халық арасындағы буферлік аймаққа айналуы тиіс

  • 31
  • UPD: 23:47, 17.05.2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес сектормен бірігіп жұмыс істеуге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев Астана экономикалық форумында өткен пленарлық сессиялардың бірінде мәлімдеді. Азаматтық қоғам мемлекет пен халық арасындағы буферлік аймаққа айналуы тиіс. «Осы орайда адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін мемлекеттік бюджеттің іске асырылуын қоғамдық деңгейде бақылау, елдегі жағдайды объективті бағалау, заң жобаларын талқылау секілді құралдарды қолданған жөн», – дейді алқалы жиынға келген шетелдік сарапшылар. Қазақстанның экономикалық өсіміне қарамастан, соңғы жылдары әлеуметтік саясат назардан тыс қалды. Енді алда осы олқылықтың орнын толтыру міндеті тұр.

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық даму азаматтардың әлеуметтік жағдайына тікелей қатысты екенін әрдайым айтып отырады. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде мемлекеттің тиімділігі жалпы ішкі өнімнің көлемі, алтын-валюта қоры мен экономикалық өсімнің көрсеткіштерімен есептелмейді. Қазіргі таңда мемлекеттің осы экономикалық игіліктерді халық арасында үлестіруі аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы