378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 724 сайлау учаскесі жұмыс істейді

  • 58
  • UPD: 23:46, 17.05.2019
Ақмола облысында 724 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Ақмола облысында алдағы Президент сайлауы кезінде 724 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сайлаушылар саны 482 мыңнан асады. Саяси науқанның әділдігін әрі заңнамалық дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бүгін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Көкшетауға барып сайлауалды оқу семинарын өткізді. Жиынға облыстағы сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары мен сайлау учаскелерінің өкілдері қатысты.

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Бүгінгі семинарымыз өңірлік сайлау комиссияларының мүшелерін, төрағалары мен хатшыларын сайлау науқанын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған. Мәселен, қазір жер-жерде кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары насихатталып жатыр. Оны да жергілікті сайлау комиссиялары бақылауы тиіс. Сондай-ақ 9 маусым, сайлау күні жасалатын іс-әрекеттеріміздің барлығын бір пысықтап алдық. 

Арайлым Елімсарина, ҚР ОСК «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директорының орынбасары:

- 9 маусымда болатын Президент сайлауына дейін, заңға сәйкес 20 күн бұрын, жергілікті атқарушы органдар территориялық комиссияларға сайлаушылар тізімін беруі керек. Одан кейін 15 күн қалғанда әр азамат сайлаушы ретінде тізімнен анықтап білуге болады. Сондықтан қазір сол үшін үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы