378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» азаматтық платформасының мүшелері қарағандылықтармен кездесті

  • 54
  • UPD: 23:46, 17.05.2019
«Аманат» азаматтық платформасының мүшелері қарағандылықтармен кездесті

Бүгін Республикалық «Аманат» азаматтық платформасының мүшелері кеншілер шаһарына ат басын тіреп, жұмыстарының басты міндеттерімен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық ұйым сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне бақылау жасайтын болады. Ұйым бес бағыт бойынша жұмыс атқарады. Атап айтсақ, олар – Теңдік, Саналы Таңдау, Әділдік, Келісім және Сенім. Осы бағыттар негізінде құрылған қоғамдық ұйымның әр аймақта бөлімшелері жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша 9 мың 940 сайлау учаскесі болса, соның 787-сі Қарағанды облысында орналасқан.

Мұрат Әбенов, Республикалық «Аманат» азаматтық платформасының жетекшісі:

- Сайлауға қатысып жатқан үміткерлерге азаматтардың аманатын жеткізіп отырмыз. Мысалы, әр саяси партия өз жағына тартатын болса, біз тәуелсіз қараймыз. Мысалы, сайлауға барып бақылаушы болған кезде біз бір үміткердің жағына шықпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы