378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділ сот па, қорғаушы ма? Жазықсыз жазаланған ғалым ақталды

  • 140
  • UPD: 23:44, 17.05.2019

Алматыда жазықсыз жазаланып, 3 жылға жуық абақтыда отырып шыққан ғалым біржола ақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қалалық апелляциялық сот химия ғылымдарының докторы Ғалымжан Мамытбековтың ешқандай заң бұзбағандығын дәлелдеп, сыбайлас жемқорлықа қатысы жоқтығы туралы соңғы үкімін шығарды.

2014 жылы ғалымға 83 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Оны сол кезде Астана қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеушісі Әбдірайымов жүргізген. Алайда ұзаққа созылған сот процесі кезінде тергеушінің ешқандай нақты дәлелсіз ғалымды айыптағаны белгілі болды. Бірақ 3 жыл бұрын Мамытбековке қатысты әділетсіз сот шешімі шығарылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ғалымның қорғаушысы Төленді Бексұлтанов бұл істі аяқсыз қалдырмай, ҚР Жоғары сотына бірнеше мәрте шағым түсірген. Соның нәтижесінде,  Ғалымжан Мамытбеков абақтыдан босатылып, іс қайта қаралды.  Бұл жолы әділеттік орнап,  ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша айыпталған Мамытбековтың кінәсі дәлелденген жоқ.

Ғалымжан Мамытбеков, химия ғылымдарының докторы:

- Қобалжып тұрмын. Басында түбегейлі сенімім болған жоқ ақталамын деген. Бірақ өте қуаныштымын. Дегенмен заң біздің мемлекетімізде бар екен. Орындалады екен ерте ме, кеш пе. Барлығы өз жауабын тауып, өз арнасына түседі екен. Жалпы жаланың бәрі жалған болып шықты. Ақиқаттың бәрі ашылды.

Хабар 24 телеарнасы