378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл сайын мұнай-газ жабдықтарын алуға 4,5 трлн теңге бөлінеді

  • 83
  • UPD: 23:43, 17.05.2019

Мұнай-газ саласында отандық жабдықтарды пайдалануға ден қою керек, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бүгін Астана экономикалық форумындағы интерактивті пікірталаста сарапшылар осы мәселені көтерді. Саланы дамытуда қандай заманауи мүмкіндіктер ескерілуі керек?

Астана экономикалық форумы айтулы мәселелер жан-жақты пысықталатын айрықша алаңға айналған. Мұнай-газ саласына бағытталған интерактивті дискуссия соған дәлел. Жыл сайын елімізде мұнай-газ жабдықтарын алуға 4,5 трлн теңге бөлінеді. Алайда тауарлардың 25 проценті ғана жергілікті өнімдер. Қалғаны импорт үлесі. Ал отандық 30 компанияның әлеуеті сұранысты өтеуге қауқарсыз.

Нұрлан Жұмағұлов, мұнай-сервис компаниялары қоғамының бас директоры:

- Көбіне «ҚазМұнайГаз» компанияларының жер қойнына арналған тауарлар шығарады. Үлкен компанияларға шығаратын зауыттар дүниежүзі бойынша сирек.

Форумға келген сарапшылар мәселені шешудің жолдарын ұсынды. Айтуларынша, инвесторлармен келісімшартты қайта қарап, алдын ала тендер жүргізу жобасын қолға алу керек. Сонда ғана жергілікті компаниялар өзіне қажет жабдықтар тізімін ұзақ мерзімге жоспарлап, сұранысты қанағаттандыра алады.

Дәрмен Сәдуақасов, Dasco Consulting Group компаниясының басқарушы серіктесі:

- Құрылыс және мұнай-газ саласында материалдарды тарту үлкен мәселе. Оған миллиардаған қаржы жұмсалады. Негізі жеңілден ауырға ойысу керек. Алдымен жеңіл технологияны игерсек. Содан кейін ғана Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы экономиканы нығайтуға бет бұрған абзал. 

Отандық жабдықтар импортқа қарағанда 20 процентке қымбат. Оған себеп баж салығының көптігі. Өзекті мәселе Астана экономикалық форумында қаралды. Енді жиналғандар таяу уақытқа нәтиже боларынан үмітті.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы