379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани қазына» фестивалі өтеді

  • 128
  • UPD: 23:50, 17.05.2019
«Рухани қазына» фестивалі өтеді

Елордада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Рухани қазына» фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық шара шеңберінде түрлі деңгейдегі үздік мемлекеттік кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ үздік сала қызметкерлері анықталмақ. Бүгінгі күнге дейін байқауға қатысуға облыстардан 200-ге жуық өтініш түскен. Оның ішінде 77 өтінім қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар кітапханалардан келсе, 50-ге жуық өтініш музей саласына тиесілі. Фестивальде ойын-сауық орталықтары да бақтарын сынай алады.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясындағы шара барысында сала мамандары тәжірибе алмасып, пікірталастар жиындарына да қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Әбіл Жоламанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

- Биылғы жылы осы ең үздік музей қызметкері, ең үздік кітапхана қызметкерлеріне қосымша ең үздік мәдениет, мәдени демалыс қызметінің үздіктерін анықтамақшымыз. Ең үздік кітапханашылардан да бөлек арнайы кітапханалар бар. Яғни, зағип жандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кітапхана. Осы кітапханалар бойынша да біз ең үздік қызметкерді, болмаса ең үздік мекемені анықтасақ деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы