388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 300-ге жуық су қоймасы тазаланады

  • 410
  • UPD: 07:40, 18.05.2019

Ертіс өңірінде өзен-көлдерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір айға созылатын шара барысында ірілі-ұсақты 300-ге жуық су қоймасы тазаланады. Олардың қатарына Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзені мен Сәтбаев каналы да кіреді. Экологиялық акцияға қатысушылар үшін жұмыс ауқымы өте кең. Бұл жолы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері көмекке келді. Олар Ертістің сағасы Усолка өзенінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Өзенге зәкір салған табиғатты қорғаушылар су түбінен синтетикалық ауларды, басқа да қоқыс қалдықтарын жағаға шығарды. Олар рұқсат етілмеген ау-қармақтар бүгінде бей-берекет қолданылатын айтады. Акцияның алғашқы күнінде Усолка өзенінің 10 шақырымы тазартылды.

Серік Әбсалықов, орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аймақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Біз өзендердің жиегін тазалау акциясын өткізудеміз. Ол 1 мамырдан 31 мамырға дейін өткізіледі. Судың астындағы ауларды жинаймыз. Ол жазда балалар шомылған кезде оратылып қалмасын деген оймен, жалпы оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы