379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық өрт сөндірушілер сақтық шараларын күшейтті

  • 103
Түркістандық өрт сөндірушілер сақтық шараларын күшейтті

Түркістанда орман және дала өртінің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған облыстағы барлық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен табиғатты қорғау және орман шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты. Алдын ала дайындалған сценарий бойынша дала отқа оранды. Құрғақ шөп бірден лап етіп, желмен бірге күшейе түсті. Өрт сөндірушілер арнайы техниканың көмегімен бірден қызыл жалынды сөндіруге кірісті. Арада жарты сағат уақыт өткенде, өрт толық өшірілді. Оқу-жаттығуға 46 техника мен жеке құрамның 110 қызметкері жұмылдырылды. Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында 8 табиғи өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау 39 гектар аумақты шарпыды. Экологтардың айтуынша, дала өртінің кесірінен кейбір өсімдіктердің жойылып кетуі әбден мүмкін. Әрі оқу-жаттығу өзара іс-қимылды пысықтау үшін өткізіледі.

Бақытжан Запаров, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

– Дала өртін болдырмау үшін жол бойларында өрт сөндіру, өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теміржол бойларында, егістік алқаптарында осындай минералды жолақ жұмыстары жалғасты. 1560 шақырым аумақ бұл тек республикалық маңызы бар жолдар болды.

Хабар 24 телеарнасы