378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербор мемлекеттік университетінде Қазақстанның құқықтық дамуы жөнінде дәрістер өтті

  • 44
  • UPD: 13:51, 18.05.2019

Академиялық салада тәжірибе бөлісу.

Санкт-Петербор мемлекеттік университетінде Қазақстанның құқықтық дамуы жөнінде дәрістер өтті. Студенттер мен профессорлар алдында Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Әділет министрі Марат Бекетаев пен Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері сөз сөйлеген. 

Осы университеттің заң факультеті 300 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Мұнда белгілі заңгерлер, саясаткерлер, тіпті Ресейдің екі президенті оқыған. Бұл – Ресейдегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі. Санкт-Петербор мемлекеттік университеті мен Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры 2018 жылы қол қойылған Меморандум аясында бірлесіп жұмыс атқары келеді. Былтыр осы келісім бойынша конституциялық реформаларға арналған дәріс өтсе, биыл қордың атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов елдегі саяси оқиғаларға және алда өтетін президенттік сайлауға байланысты құқықтық саладағы өзгерістер туралы баяндап берді.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының орынбасары:

– Қорымыз осында оқып жүрген студенттерімізге, Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтін ресейлік студенттерге елеулі қолдау көрсетуге ниетті. Биыл оларды елімізде билік ауысу барысында болған оқиғалар қызықтырып отыр.

Саяси транзиттен өзге болашақ заңгерлерді «Астана» халықаралық қаржы орталығында ерекше құқықтық тәртіпті ендіру тәжірибесі қызықтырған. Осы жобаның заңгерлік тұстарын қаржы орталығының құқықтық-консультативтік Кеңесінің төрағасы Майкл Блэр ашып берді.

Майкл Блэр, АХҚО құқықтық-консультативтік кеңестің төрағасы:

– Осы университет қабырғасында өткен дәріс – біргей бастама туралы айтып берудің керемет мүмкіндігі. Мәселен осыған ұқсас жобалар Дубай мен Абу-Дабиде бар, бірақ Астана халықаралық қаржы орталығы олардан әлеуеті зор жоба деп санаймын.

Сергей Белов, СПБМУ заң факультетінің деканы:

– Заңгерлерді құрлықтық құқық жүйе аясында ағылшын құқығын қолдану тәжірибесі де қызықтырады. Себебі бұл жүйеде ешқашан прецеденттер қолданылмаған. Ресейге ұқсас жүйеде ағылшын құқығы қалай істейтінін көру қызық. 

Университет өкілдері ынтымақтастық аясында екі елге пайда әкелетін бірлескен зерттеулер өтетініне үміт білдірді.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы