389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Егемен Қазақстан» газетіне – 100 жыл

  • 554
  • UPD: 17:32, 18.05.2019

Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстанға» – 100 жыл.

Аға басылымның меретойына орайластырылған шаралар Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге өңірлерде ұйымдастырылуда. Бүгін елордада бас газеттің ғасырлық тойы аясында тілшілер қауымы 100 ағаш отырғызып, бұқаралық ақпарат құралдарының аллеясының негізін қалады. Игілікті шараға ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты. Айта кетейік, халықтың көзі, құлағы мен тіліне айналған басылымның мерейтойы аясында  бір жыл бойы игі істер атқарылмақ. Газет қызметкерлері қазақтың 100 жылдық тарихының жылнамасы ретінде 10 томдық дайындап жатыр. Бүгінгі күнге дейін 5 томы жарық көріп, оқырманға жол тартты.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы:

– 1919 жылдан бастап «Егемен Қазақстанда» қазақтың марғасқа ұлдары, Алаштың ардақтылары қызмет атқарған. Солардың ең үздік деген мақалаларын біз жинақтай отырып, «Ұшқында», «Еңбекші Қазақта», «Еңбек Туында», «Социалистік Қазақстанда» кезінде жарық көрген Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты, Тұрар Рысқұлов сияқты Алаш арыстарының мақалаларының бәрін жинақтап, біз 10 томдық кітап шығарып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы