383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 820 кәсіпкер салық амнистиясына ілікті

  • 199
  • UPD: 18:39, 18.05.2019
БҚО-да 820 кәсіпкер салық амнистиясына ілікті

Бизнес субьектілерін әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалаудан қорғау мақсатында өткен жылы тиісті органдарға «салықтық амнистия» жүргізу тапсырылған еді.

Яғни салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда өсімдер мен айыппұлдар алып тасталынуы тиіс. Аталған өзгерістер 2 мыңға жуық батыс қазақстандық кәсіпкердің мойнындағы борышын кемітпек. Күні бүгін берешегі бар 1901 салық төлеушінің 820-сы жалпы сомасы 134 миллион теңге негізгі салығын төлеген. Нәтижесінде 18 миллион теңге өсімпұл кешірілген. Жалпы алғанда өңір кәсіпкерлерінің салық қарызы 3 миллиард теңгені құрайды.

Тимур Төлепов, облыстық  мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі есептелген бережақтары 2019 жыл аяғына дейін толықтай төленсе, сол уақытта өсімпұл толықтай жойылады. Бүгінгі таңда есептеліп тұрған бережақтары 3 млрд теңгеге жуық. Олардың 3 млрд теңгесі мысалға айтқанда толықтай төленсе осыған есептеліп тұрған 1 млрд теңгедей өсімпұл толықтай босатылады.

Хабар 24 телеарнасы