383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Астана» мешіті арқылы мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек таратылды

  • 158
  • UPD: 23:51, 18.05.2019

Елордалық «Нұр Астана» мешіті «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафон өткізді. Оның аясында бүгін 30 жанұя әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға қол ұшын беріп, көмек көрсетті.

Игі шараның мақсаты - ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылулық пен мейірім сыйлау. Сол арқылы өскелең ұрпақтың көкейіне ұлт қамын ойлайтын патриоттық сезімді ұялатумен бірге мұқтаж адамдардың қажетін өтеу, дейді ұйымдастырушылар. Марафон қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасады.

Асқар Мұқанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы:

- Бұл жердегі мақсаты мен мәні тек қана қайырымдылық жасау емес, отбасылық тәрбиеге де қатысты. Ұл-қыздың тәрбиесі, отбасы мүшелерінің жылулығы. Мұның бәрі дінімізге де, дәстүрімізге де керек нәрсе. Адамдарға қазір жетіспей тұрған нәрсе - бір-біріне деген мейірімділік, жанашырлық. Бұл өте маңызды нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы