378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында туристік полиция бөлімі құрылды

  • 216
  • UPD: 07:38, 19.05.2019
Түркістан облысында туристік полиция бөлімі құрылды

Жаңа бөлім ішкі істер органдарын реформалау және Жол картасын іске асыру мақсатында облыстық Полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының жанынан жасақталды.

Туристік бөлімде 10 қызметкер жұмыс істейді. Олар арнайы киім, қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар туристермен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Жаңадан құрылған бөлім мамандары аймақтағы туристер ең көп баратын көрікті жерлер мен тарихи нысандар аумағында қызмет көрсетеді. Туристік полицияның негізгі міндеті – өңірге келген  қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, түрлі ақпараттармен бөлісу және саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еліміздегі туризмнің тартымдылығын арттырып, халықаралық дәрежедегі беделін арттыру.

Әбдіғани Сейдуалиев, облыстық ПД басшысының орынбасары:

- Туристерге қарсы жасалатын қылмыс пен қықық бұзушылықтың алдын алу және де заттары жоғалып қалған жағдайда осы біздің туристік полиция қызметкерлері тез арада көмек береді. Болашақта біз бұл қызметкерлерді тағы да оқуға жіберіп, тіл мамандығын жетік үйретеміз.

Хабар 24 телеарнасы