380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада қарияларға құрмет көрсетілді

  • 151
  • UPD: 12:02, 19.05.2019

«Қарттарды мейірімге бөлейік».

Осындай атаумен қызылордалық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді. «Мейірімділік үйінде» қазір 138 қызмет алушы бар. Тағдырдың түрлі соқпағынан өтіп, қазір қарттар үйін пана қылған аға буын өкілдері тәртіп сақшылары қойған қойылымды, «Дидар» фольклорлық оркестрі мен жырау-термешілердің өнерін тамашалады. Жалпы, мекемеде әсері мол тағылымды шаралар ұдайы өтіп тұрады. Мейірімділік үйінің тұрғындары кітапхана мен кино залынан бөлек уақытын қолөнер, тігін, мүсіндеу және музыкалық үйірмелерде өткізеді. Әсіресе тігіншілер белсенді. Кесте тоқып, көрпе көктеген ісмерлердің қолынан шыққан бұйымдарға қала тұрғындарынан сұраныс көп.   

Несібелі Мүсілімова, «Мейірімділік үйінің» тұрғыны:

- Мен тігін фабрикасында шебер, трикотаж фабрикасында шебер болып жұмыс істедім. Ауырғанға дейін ательеде жұмыс істедім. Қазір де қарап отырғаным жоқ. Иә, бүгінгі концерт өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Маған ұнап жатыр. Қызылорда филармониясы келіпті. Өте керемет ұйымдастырылған.

Светлана Баймағанбетова, ОПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы:

- Мейірімділік үйінде жылына 1 рет мамыр айында ұйымдастырып отырмыз. Биыл үшінші жыл 2017 жылдан бастап өткізіп келеміз. Іс-шара мақсаты – қарт аналарымызға, мүгедектерге психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және қоғамға бейімдеу мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы