383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында ҰБТ-ға қатысушылар саны артты

  • 99
  • UPD: 14:02, 19.05.2019

Биыл Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген түлектердің саны артқан.

Ұлттық білім сынағын тапсыруға 4 мың 298 оқушы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі жүз түлекке көп. Биылғы тестілеудің тағы бір ерекшелігі, Ұлттық бірыңғай тестілеумен қатар кешенді тестілеу бір уақытта өтеді. Яғни өткен жылы бітірген түлектер мен колледж студенттері де мемлекеттік грант иегері атануға мүмкіндік алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. «Қазір аймақтағы барлық білім беру ошағында мемлекеттік білім сынағына дайындық қызу жүріп жатыр», – дейді білім басқармасының қызметкерлері.

Клара Құлатаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Мемлекеттік республикалық гранттарға ілінбеген оқушылар үшін тағы бір мүмкіндік біздің облысымызда. Себебі 5-10 тамыз аралығында жергілікті бюджет есебінен берілетін мемлекеттік гранттың конкурсына құжат қабылдау басталады. Өткен оқу жылында 175 грант бөлінген болса, облыс әкімдігінің жергілікті бюджет есебінен биыл да сол жобадағы 175 грант беріледі және соған қосымша 200 грант береміз деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы