378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динар Нүкетаева: Жастарға отбасы құндылықтарын балабақшадан үйрету қажет

  • 186
  • UPD: 21:42, 19.05.2019
Динар Нүкетаева: Жастарға отбасы құндылықтарын балабақшадан үйрету қажет

Жастарға отбасы құндылықтарын балабақшадан бастап үйретуіміз қажет.

Бұл – заман талабы. Анкарада өткен ТүркПА парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясы жетінші отырысына қатысқан Сенат депутаты Динар Нүкетаева осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістікте жат мәдениеттен кері әсер алмау үшін түркітілдес мемлекеттер тәжірибелерін ортаға салуы тиіс. Айта кеткен жөн, комиссияның бұл жолғы отырысы «Түркітілдес елдердегі қазіргі заманғы отбасылық құндылықтардың мәдени бірегейлігі» тақырыбына арналды. Оған түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясына мүше мемлекеттердің сенаторлары мен депутаттары қатысты.

Динар Нүкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қазақстанның тарапынан ұсыныстар берілді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдердің отбасындағы мүмкіндіктеріне байланысты және де жастарды отбасы құндылықтарынан онлайн дәріс беру, онлайн оқыту мәселесіне байланысты және Тұңғыш Президентіміз биылғы жылды«Жастар жылы» деп белгіледі. Сондықтан да осы мәселелерді түркі тілдес мемлекеттердің арасында да құндылықтарды сақтаудағы бір моделі болса деген мәселеге тоқталдық.

Хабар 24 телеарнасы