383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Мысырда автобус жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

  • 147
  • UPD: 23:56, 19.05.2019
ҚР СІМ: Мысырда автобус жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында хабарлады.

«2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті. Мысыр Араб Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы