378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылына жалғыз рет өтетін «түнгі жеңілдік» акциясы пәтерді арзан алуға көмектеседі

  • 171
  • UPD: 07:55, 20.05.2019

340 мың теңге. Нұр-Сұлтан қаласындағы баспана бағасының шаршы метрі орташа осындай. Риэлторлардың айтуынша баға 3%-тен 4 %-ке қымбаттаған. 

Тұрғын үйге деген сұраныс құрылыстың өсу қарқынымен бірдей. Жыл басынан бері елордада 600 мың шаршы метр үй қолданысқа берілді. Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, құрылыс қарқыны 70 процентке жеткен.

«Түнгі жеңілдіктер» тұрғын үй нарығында да бар. Акция арманы баспана болған жүздеген ықтимал сатып алушыларды қызықтыруда.

Әсия Ілиясова жуырда ғана ипотека төлемінен құтылған. Енді жаңа пәтер алуға ниетті. Айтуынша, жылжымайтын мүлікке капитал құюдың ұтар тұстары көп. Есесіне нарықтағы сұраныс қашан да жоғары. Бар болғаны тиімді келісім жасаудың оңтайлы сәтінен құр қалмауың маңызды. 

Әсия Ілиясова, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны:

- Расында бағалар ерекше қызықтырады. «Түнгі жеңілдіктер» жылына бір рет өтеді. Осындай дүрлікпенің болуы адамдардың тиімді ұсыныспен пәтер алуға деген жоғары ынтасын көрсетеді. Қала орталығында паркинг орны небәрі 500 мың теңгеге бағаланып отыр.

Соңғы жылдары Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй бағасы 3-4 %-ке қымбаттаған дейді риэлторлар. Жаңа үйдегі шаршы метрдің орташа құны 340 мың теңгеге жеткен.

Тұрғын үй тұрғызудың қарқыны былтырғы көрсеткіштерден  асып түседі. Жыл соңына дейін мегаполисте екі миллион шаршы метр баспана қолданысқа берілмек.

Дәурен Айткенов, жылжымайтын мүлік нарығының бөлім басшысы:

- Өткен жылы 920 мың шаршы метр баспана салдық. Ал 2019 жылы миллионға жуық шаршы метр тұрғызуды жоспарлаймыз.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Баспананың құны бірнеше факторға байланысты жасақталады. Мысалы, заманауи тұрғын үй кешеніндегі құрылыс материалдардың 70 проценті импорттан келеді. Демек, қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы әлі күнге сыртқы бағаға тәуелді.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы