378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құрылыс материалдарының бағасы қымбат

  • 160
  • UPD: 08:20, 20.05.2019
СҚО-да құрылыс материалдарының бағасы қымбат

Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдары қымбат.

«Мәселен, бір ғана құмның бағасы көрші Көкшетаумен салыстырғанда 4 - 5 есеге жоғары. Ал, сапасы жағынан төмен», - дейді мамандар.

Тағы бір өзекті мәселе, өңірде қиыршық тас мүлдем шығарылмайды. Ол да Көкшетаудан тасымалданады. Кірпіш те солай. Петропавлда шағын қыш зауыты ашылған. Бірақ кәсіпорын үлкен тапсырыстарды орындай алмайды. Осының барлығы пәтердің бағасына әсер етіп отыр. Қазір қаладағы жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 200 мың теңгеге дейін барады. 

Сергей Тимофеев, құрылыс компаниясының директоры:

- Мен ойымша, құм мен қиыршық тастың бағасы арзан болу керек. Бұл құрылыстағы ең маңызды материалдар болып саналады. Ол арзандаса, пәтердің құны да түседі. Сондықтан, осы мәселелерді шешу қажет. Қалаға жақын құм карьері болса, кірпіш зауыты салынса.

Хабар 24 телеарнасы