384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында иісшіл иттер 300-ден астам қылмысты ашуға себеп болған

  • 128
  • UPD: 11:04, 20.05.2019
Ақмола облысында иісшіл иттер 300-ден астам қылмысты ашуға себеп болған

Ақмола облысында полиция департаментіне қарасты иісшіл иттер жыл басынан бері 300-ден астам қылмыстың ашылуына сеп болған.

Олардың басым бөлігі ұрлық деректері. Мұндай істерде әсіресе, «Альфа» есімді ит қырағылығымен көзге түскен. Ал есірткі заттарын табуда «Дозор» атты неміс овчаркасы өте мықты дейді мамандар. Полицейлердің сенімді серігі жануарлар азығына жасырылған 140 келі гашиш есірткісін дереу тауып алған. Жалпы, есірткіге қатысты қылмыстардың жартысынан астамы аталған иттің көмегімен ашылады екен. Айта кетейін, Ақмола облыстық полиция департаментінің қарамағында 54 иісшіл ит бар. Олардың жартысынан астамы облыс орталығында қызмет атқарады. Ең қызығы, иттердің де қызметкерлер секілді жыл сайын біліктіліктері шыңдалып отырады екен. 

Санжар Сәкішев, кинолог:

- Өткен жылдың тамыз айында біз Альфа екеуміз Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы кинологиялық орталығына оқуға барып келдік. Бұл онда үш ай бойы із кесудің қыр-сырын меңгерді. Міне содан бері менің итімнің жұмысы – жоғалған адамдарды немесе оқиға орнынан бой тасалаған қылмыскерлерді ізі бойынша табу.

Хабар 24 телеарнасы