379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да асыл тұқымды малдың басы артып келеді

  • 198
  • UPD: 14:33, 20.05.2019

Орал өңірі отандық селекцияның орынды мақтанышы саналатын әлемге әйгілі ақбас сиырдың, Еділбай қойының, көшім жылқысының отаны.

Облыста асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың саны жыл санап артып келеді. Мәселен, 10 жыл бұрын осындай 26 құрылым болса бүгінде ол көрсеткіш 10 есе өсіп, 270-ке жеткен. Алайда өткен жылдан бастап, асыл тұқымды аналық малға демеуқаржы төлеу тәртібінің өзгеруі көптеген шаруаларды тығырыққа тіреді. 

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

- Маңдай тердің өтеуін молымен қайтарып, еңбек өнімділігін арттыруда асыл тұқымды мал ұстаудың маңызы зор. Бүгінде Жайық жерінде осыны жете түсінген шаруашылықтардың қатары артып келеді. Солардың бірі Теректі ауданындағы «Батай» шаруа қожалығы. Аталған қожалық биыл Ресейдің Мордовия республикасынан 70 бас асыл тұқымды абердин-ангус құнажынын әкеліпті.

Шотландиядан шыққан абердин-ангус тұқымы ауа райына төзімділігімен, тез қоң жинайтынымен ерекшеленеді. Сиырлары 7-8 центнерге, бұқалары тоннаға дейін тартады. Аталған сиыр түріне  сол себепті таңдау түсті,-дейді қожалық басшысы Сағитжан Еркебаев. Алайда малды алыстан әкелу оңайға соқпапты.

Сағитжан Еркебаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Бір емес, екі емес, бәлен рет бару керек. Малды таңдап барып, қарап, одан келісіп, содан айы, салмағы бәрі келу керек. Мынау мал басы деген біздің үш басындай болып отыр салмағы.

Облыс шаруаларының асыл тұқымды мал іздеп алысқа шығандап, шығынға батуына демеуқаржы төлеу тәртібіне былтыр енгізілген өзгерістер себеп болыпты. Ережеге сай енді субсидия тек шетелден әкелінген аналық малға ғана төленбек. 

Нұрлан Бердіғалиев, Теректі аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта жақын облыстардың бәрінде шектеу шаралары тұрғандығына байланысты алыстан әкелуге тура келіп жатыр. Сол бағытында қиындықтар туындап жатыр. Ауруларға, түрлі жұқпалы ауруларға, аусыл, нодулярлы дерматит, жақын облыстарға шектеу қойып тастаған. Мордовия, Кемереводан әкеліп жатыр. Эстониядан жігіттер қарап, шығып, іздеп жатыр.

Осы өзгерістің салдарынан сатып алынған асыл тұқымды мал басы кеміп барады. Мәселен, 2017 жылы облыс шаруашылықтары 6400 аналық мал алса, былтыр ол көрсеткіш 4600-ге түсіпті. Асыл тұқымды ірі қара өсіретін жергілікті шаруашылықтардың жайы да мәз емес. Себебі, қашар-құнажындарды сата алмайды. Арзанға берсе, шығынға батады, субсидия төленбегесін қымбатқа өтпейді. Бұлай жалғасса, қолда бар малдың, соның ішінде қазақтың ақбас сиырының өсімі тежелері анық.

Мақсот Балқыбаев, қазақтың ақбас сиыры республикалық палатасының өңірдегі өкілі:

- Қазақтың ақбас тұқымына субсидия берілмейтін болса, олардың бәрі шаруашықтардың жылап жатқаны, субсидия берілмейді.  Шаруашылықтар етке тапсырып жатырмыз дейді. Неге десең, ана өсіп шыққан төлді алатын кісі жоқ. Аналық төлді алатын кісі жоқ. Бұрын 150 мыңға қызығып алатын еді.

Бүгінде өңірдегі асыл тұқымды ірі қараның үлесі жалпы сиыр санының 9% жуықтайды. Мамандардың пікірінше, бұл көрсеткішті көбейту үшін демеуқаржы төлеу тәртібін қайта қарастырған жөн.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Хабар 24 телеарнасы