389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да су шайып кеткен көпір қыркүйек айында пайдалануға беріледі

  • 363
  • UPD: 14:02, 20.05.2019
СҚО-да су шайып кеткен көпір қыркүйек айында пайдалануға беріледі

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында Ақан-Бұрлық өзеніндегі көпір қолданысқа беріледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі.

«Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірі толығымен жаңартылуда. Жобанының бас мердігері «Казахдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстары аясында жол жөндеушілер көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстырып, тіректерді қалпына келтіруі қажет. Мамандар аралық тіректерді орнатып жатыр. Тегістейтін қабатты орнату жұмыстары орындалды, төменгі торды байлау жұмыстары басталды. Көпір жұмысына 19 құрылыс техникасы жұмылдырылып, 41 адам жұмыс істеуде.

Күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүруде. Жаңа автомобиль көпірі 2019 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарланған.

 

Хабар 24 телеарнасы