383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25»: Несие беруге 7,7 мың өтініш мақұлданды

  • 157
  • UPD: 15:05, 20.05.2019
«7-20-25»: Несие беруге 7,7 мың өтініш мақұлданды tengrinews.kz

ҚР Ұлтық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жария етті.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 млрд теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарға «Баспана» ипотекалық ұйымы + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша жауап береді. Байланыс нөмірлері тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның интернет-ресурсында қосымша мағлұматтар алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы