378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жол ережесін бұзудың 800-ден астам дерегі бұзылды

  • 180
  • UPD: 15:31, 20.05.2019
Жамбыл облысында жол ережесін бұзудың 800-ден астам дерегі бұзылды

Жамбыл облысында қоғамдық көлік жүргізушілері жолда жүру ережесін жиі бұзады.

Өңірде соңғы үш күнде осындай 800-ден астам дерек тіркелді. Автобус тізгіншілерінің басым көпшілігі жылдамдықты шамадан тыс асыратын көрінеді. Сонымен қатар ұялы телефонмен сөйлесіп, қарсы жолаққа шығатындардың қатары да азаймай отыр. Көліктегі орындықтарды заңсыз алып, қажет болса қайта салып алатын жауапсыз жүргізушілер де көбейген. «Бұл жазатайым оқиға кезінде жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді» дейді полицейлер. Қазір аймақта халықаралық және республикалық автожолдарда бақылау күшейтіліп, алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Серғазы Әбдіқұлов, жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- 215 автожүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды әртүрлі баппен. Оның ішінде ең көбі 117 жылдамдықты асыру. 10 айлықтық көрсеткіштен 30 айлықтық көрсеткішке дейін әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы