379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің 7 облысында 22 су қоймасы салынуы мүмкін

  • 206
  • UPD: 23:39, 20.05.2019
Еліміздің 7 облысында 22 су қоймасы салынуы мүмкін

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылық кеңестің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың кейбірі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме де жасалынған. Бұл істер су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Жағдайды реттеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тамшылатып суару сынды егістік алқаптардың ауданын 260 мың гектарға жеткізуді мақсат етіп отыр. Жиында қаралған тағы бір маңызды бағыт – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғылыми және сарапшылық жұмысты үйлестіру. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, ол қазіргі аймақтық және халықаралық үрдістерге тәуелсіз баға беру үшін керек. 

Хабар 24 телеарнасы