378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алатауда Сиверс алмасы гүлдеді

  • 288
  • UPD: 23:37, 20.05.2019
Алатауда Сиверс алмасы гүлдеді

Асқақ Алатаудың баурайында алманың түп атасы Сиверс гүлдей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүр жарып жатқан бірегей өсімдікті көруге еліміз бен әлемнің түпкір-түпкірінен мыңнан астам адам келді. Туристер үшін «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Сарқан аудандық филиалының мамандары арнайы фестиваль ұйымдастырды. Шара барысында ғалымдар ғылыми дәлелдерін келтіріп, бұл жемістің негізгі отаны Қазақстан екенін айтты. Басқосудан бөлек таулы аймаққа саяхат та жасалды. Келушілерге 300 мың жылдық тарихы бар жеміс ағашының гүлденуін тамашалау мүмкіндігі ұсынылды. Оларды көбейту мақсатындағы жұмыстар баяндалды. 

Тоғжан Қанатбекқызы, «Жоңғар Алатауы» МҰТП Сарқан аудандық филиалы директорының орынбасары:

- Орман қоры жоқ жерлерге көшет отырғызамыз. Күтіп баптау жұмыстарын жүргіземіз. Толықтыру жұмыстарын жүргіземіз. Жыл сайын 2 мың көшет отырғызамыз.

Арқау Шантаев, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Жыл сайын туристер саны артып келеді. Былтыр 2 млн турист келсе, биыл 2 млн 200 мың турист келеді деп болжап отырмыз. Сол үшін жұмыс жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы