378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 116 мыңнан астам бала демалыс орындарына жіберіледі

  • 188
Ақмола облысында 116 мыңнан астам бала демалыс орындарына жіберіледі

Ақмола облысында биыл мектеп оқушыларының барлығы жаз айларында сауықтыру шараларымен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни 1-10-сынып аралығындағы 116 мыңнан астам бала демалыс орындарына жіберіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен және біліммен қамту қорынан 110 млн теңге қаржы бөлінген. Аймақта балалар сауықтыру нысандарының да қатары көбейіп келеді. Былтыр өңірде осындай 18 орталық болса, биыл олардың қатарына тағы 2 лагерь қосылған. Одан бөлек, мектеп жанында 750 лагерь жұмыс істейді. Ал 100-ден астам ашық аспан астындағы палатка және киіз үй типіндегі демалыс орындарында оқушылар туризм, экология және өлкетану бағыттарындағы өз қызығушылықтарын дамытады.

Ботагөз Дүйсенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Аталған сауықтыру орталықтарының барлығы балаларды 99 пайыз қамтамасыз етуге орын жетпейді. Сондықтан біз мектеп жанындағы жазғы лагерьмен қамту жұмыстарын да ұйымдастырамыз. Оның ішінде 2 түрі бар: тамақтандыру және тамақтандырусыз, жарты күнге арналған. Көбінесе, бастауыш сынып оқушылары қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы