382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық 94 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады

  • 202
Маңғыстаулық 94 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Биыл Маңғыстау облысының 1-10-сынып аралығындағы 94 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьге барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта өңірдегі 141 мектептің сексен тоғызында демалыс-сауықтыру және танымдық-экскурсиялық бағыттағы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ Каспий жағалауында орналасқан төрт демалыс орны да жеткіншектерді қабылдауға дайын. Бірі мемлекеттік, қалғанын кәсіпкер ашқан. Мектепішілік лагерьге жолдама құны – 22 мың теңге. Ал теңіз жағасындағы демалыс мүгедек немесе аз қамтылған отбасының баласы үшін 55 мың теңге тұрады. Оның екеуі де бюджеттен төленеді. Айта кетейік, жекеменшік лагерьде демалатын бала басына 89 мың теңге сұралады. Бұл қаржыны ата-ана, биылғы мектеп түлектері болмаса демеуші компания көтереді.

Айжақсы Тұржанова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Бала бір шараға қатысып қана қоймайды, түрлі үйірмелер болады. Робототехника бар, мектептегі жылыжайлар бар. Көгалдандыруда біздің балаларымыз қызмет етеді. Ақтау, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия деген теңіздің жағасында орналасқан ауылдар бар. Ол жердегі балалардың теңізге келетін мүмкіндіктері бар. Маңғыстау ауданындағы Көгез этноауылында атбегілер, ат мәдениетін дамытудағы осындай жоспарларды жүзеге асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы