389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 70 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады

  • 416
Ақтөбеде 70 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Биыл Ақтөбеде 70 мың бала жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үшін облыс орталығындағы 80 мектепте арнайы алаңдар жасақталып, қала сыртында 10-ға жуық лагерьлер жұмыс жасайтын болады. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бағдарлама тыңғылықты. Ал аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары лагерьлерге тегін барады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 66 млн теңге қарастырылған. Қазір алдағы маусымға орай тиісті жоспар бекітіліп, әр демалыс орталықтарына жіберілетін бала саны анықталып жатыр. Оқушыларды қабылдайтын лагерлерде де дайындық қызу.   

Саян Сүлейменов, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Шатырлы лагерьлер де жұмыс істейтін болады. Онда негізінен туристік, спорттық бағытта балалар демалатын болады. Бірінші маусымнан бастап барлық ата-аналар балаларын лагерьге орналастыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарын тапсырып, жолдамасын алады. Мектепішілік лагерьлер екі айға дейін жұмыс істейтін болады, ал қала сыртындағы лагерьлер балаларды үш ай бойына демалыспен қамтитын болады.

Хабар 24 телеарнасы