382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық 203 мыңнан астам бала жазғы демалысты сауықтыру лагерінде өткізеді

  • 153
Жамбылдық 203 мыңнан астам бала жазғы демалысты сауықтыру лагерінде өткізеді

Жамбыл облысында 203 мыңнан астам бала жазғы демалыстарын сауықтыру лагерлерінде өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым көпшілігі туристік саяхаттар, экскурсиялар, аула клубтары мен үйірмелерге тартылмақ. Биыл әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан оқушыларға баса мән беріліп отыр. Аймақта осы санаттағы 75 мыңға жуық жеткіншек 100 пайыз қамтылады деп жоспарлануда. Оған жергілікті бюджеттен 343 миллион теңге бөлінген. Айта кету керек, биыл сауықтыру лагерьлеріне өтініштер автоматтандырылған жүйе бойынша мобильдік қосымшалар арқылы қабылданбақ. «Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Жалпы өңірде 425 мектеп жанындағы және 10 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның төртеуі – мемлекеттік, қалғандары жекеменшік. Қазір барлық демалыс орны науқанға қызу дайындалып жатыр.

Гүлзира Дәрібаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Жалпы қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бірінші маусымнан бастап жұмысын бастайды. Содан кейін кезең-кезеңімен 3-10 маусымда алғашқы лагерьлер балаларды қабылдауды бастайды.

Хабар 24 телеарнасы