384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында аз қамтылған отбасынан шыққан 40 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

  • 278
Алматы облысында аз қамтылған отбасынан шыққан 40 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

Алматы облысында биыл аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 40 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа өңірлік «Әлеуметтік карта» бағдарламасымен 280 млн теңге бөлінген. Жалпы биыл жергілікті билік 355 мыңнан астам баланы лагерьлер мен сауықтыру орындарына жібермек. Яғни аймақтағы оқушылардың 96 пайызын арнайы орындарда тынықтыру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 89 процент көлемінде болған.

Гүлжан Елубаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Бізде облыста 1000-1500 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның ішіне мектеп жанындағы лагерь кіреді. Мектеп жанындағы лагерьлердің ішінде 558 тамақтандыра алатын, 691 тамақтандыра алмайтын лагерь. Сонымен қатар 241 палаталық және киіз үй ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы